Ақтөбе қаласы КММ «Орта мектебi №28»
0

 

"Адалдық алаңы"

1."Адалдық алаңы " ұйымының бастамасымен #28ОМ aшылған "Адалдық дүкені" өз жұмысын жалғастыруда.  Адалдық дүкенінің басты мақсаты - оқушыларға өздерін адал тұлға деп тануға мүмкіндік беру. «Адалдық дүкенінде» оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырады яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай жобаны жүзеге асыру оқушының тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр.
@obrazovanie_gorod_aktobe 
@bilim_akimat
@astana_audany_akimdigi
@aqtobe_adaldyq_alany