Ақтөбе қаласы КММ «Орта мектебi №28»
0

 

2017-2018 оқу жылындағы 1«А»,1«Ә» класс оқушыларының «Тілашар» мерекесі туралы мәліметі

 

18 қазанда Ақтөбе қаласының №28 ОМ 1- кластар арасында «Тілашар» мерекесі аталып өтті. Мақсаты: мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін ,игерген білік-дағдыларын ортаға салу.

Оқушыларды 1- класқа қабылдау кешін мектеп директоры Баймагамбетова А. А ашып, ата-аналарға құттықтау сөзін жолдап, жылы лебізін білдірді.Мерекеде ертегілер еліне саяхат жасалды. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындады. Өз өнерлерін ортаға салды. Әртүрлі ойындар ойнап, ән шырқап, би биледі.Мектеп ережелерін қалай меңгергендерін байқау мақсатында викториналар қойылып, жауап берілді. Нәтижесінде оқушылардың белсенділігі басымдық танытты. Оқушылар ата-ана мен ұстаздар алдында оқушы міндеттерін бұлжытпай орындауға ант қабылдады.

Мереке соңында ата –аналар балаларының жеңістері мен жетістіктеріне риза болып қуанышты көңіл-күймен тарасты.Мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға алғыстарын білдірді.