Ақтөбе қаласы КММ «Орта мектебi №28»
0

 

«Жасөспірімдердің денсаулығы және өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу бағдарламасы»

09.10.2017 жылынан бастап, № 28 орта мектебінде мектеп психологтары Тагибергенова А.К. және Оспанова П.М. ұйымдастыруымен мектеп ұжымы мен мектепте жұмыс жасайтын техникалық персоналға «Жасөспірімдердің денсаулығы және өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу бағдарламасы» аясында, барлық мектеп мұғалімдері мен қызметтердің қатысуымен оқыту жүргізілді. Оқытудың мақсаты басты: жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алып, дер кезінде суицидке бейім оқушыларды анықтап, психологиялық көмек көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Бұл бағдарламаның оқытуы 3 кезеңнен тұрады. 1 кезең: барлық мектеп қызметкерлерге бағдарламаның мақсатын түсіндіріп, оқушыларға психологиялық көмек көрсете білуге оқыту, 2-кезең: 8-10кл ата-аналарымен жиналыс өткізу және оқушылардың бағдарламаға қатысуына ата-аналарына рұқсат алу; 3 кезең: 8-10 класс оқушыларымен оқыту-лекцияларын жүргізіп, жасөсіпірімдерге өз көңіл-күйлерін көтеріп, қуана білуге үйрету, сауалнама алу; 4 кезең: анықталған оқушыларды арнайы мамандарға бағыттап, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.