Ақтөбе қаласы КММ «Орта мектебi №28»
0

 

Мектеп туралы

 

                                 "№28 орта мектебі" КММ-сі

 

 

Мекен - жайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 25 "В"

Телефон: 8-7132-56-46-27

       

 

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

       

 

Басшының Т.А.Ә.: Баймагамбетова Айгуль Амангельдиевна

 

Жобалық қуат: 960

         

 

Оқушылардың саны: 812

       

 

Мұғалімдердің саны: 70

       

 

Оқу тілі: қазақ, орыс

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             №28 ОМ директоры:                    Баймагамбетова А.А.

 

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 

 

Ақтөбе қ. «№28 орта мектебі» КММ 1965 жылы ашылды. Ақтөбе қаласының әкімдігімен белгіленген. №28 орта мектебінің мектеп директоры ретінде ең алғаш есігін ашқан Федюкин Леонид Николаевич, өз қызметін 1977 жылға дейін басқарған.

 

Леонид Николаевич басшылық еткен жылдары 705 түлек бітіріп шықты. Оның ішінде 2 түлек - Алтын медальмен, 3 түлек- күміс медальмен мектепті тәмәмдаған. Федюкин Леонид Николаевич Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ұстаз-тәлімгер, педагогикалық еңбектің жаңашылы.

 

Қазіргі таңда мектеп директоры – Баймагамбетова Айгуль Амангельдиевна. Өз қызметін 2016 жылдан бастап атқарып келеді.

 

2020-2021 оқу жылының 1 кыркүйегінде 1-11 класс оқушыларының саны 1092. Педагогикалық ұжым 83 мұғалімнен тұрады, солардың ішінен 5 мұғалім-жоғарғы санатты, 15-зерттеуші мұғалім, 5-бірінші санатты мұғалім, 16-сарапшы мұғалім, 1-екінші санатты мұғалім, 19-педагог модератор, 13-мұғалім санатсыз. 

 

Мектеп 960 орындық. Жалпы ауданы 4210,4 ш.м. Мектепте қажетті барлық кабинеттер бар: пән кабинеттері, химия, биология, физика, информатика кабинеттері, мультимедиялық кабинет, заманауи құралдармен жабдықталған ақпараттық-технологиялық кабинеті. Спорт залы-1, зертхана-2, би залы-1, кітапхана-1. Кітапхананың ауданы 48 ш.м., кітап қоры 29255 кітап. 2 медициналық бөлме бар.

 

2020-2021 оқу жылының аяғында №28 орта мектебінің оқушылар саны 1151 оқушы. Мектеп аралас: 17 класс қазақ тілінде, 26 класс орыс тілінде оқытылады.

 

Барлығы 43 класс комплект: жалпы білім беретін: 1а, 1ә, 1б, 1в, 1г, 2а, 2ә, 2б, 2в, 2г, 2д, 3а, 3ә, 3б, 3в, 3г, 4а, 4ә, 4б, 4в, 4г, 5а, 5ә, 5б, 5в, 5г, 6а, 6б, 6в, 6а, 7ә, 7б, 7в, 8а, 8б, 8в 9а, 9ә, 9б кластары, жаратылыстануматематика бағытында білім алатын кластар-10а, 10ә, 11а, 11ә кластары.

 

1-4 класс – 524 оқушы; класс комплект -21

 

5-9 класс – 468 оқушы; класс комплект-18

 

10-11 класс – 100 оқушы; класс комплект -4

 

Мектепалды даярлық топ – 70 оқушы;  класс комплект- 3

 

Оқушылар екі ауысымда білім алады:

 

І ауысым: 1,2,3,4,8,9,10,11 кластар;

 

ІІ ауысым: 2,3,5,6,7 кластар.

 

Мектеп жанында қала мектептерімен қатар, облыс деңгейінде де шебер-кластар, шығармашылық зертханалар өткізіледі:

           

2017-2020 жж. – облыстық шығармашылық зертхана Тюлебаева Б.Т. Ақтөбе облысы мұғалімдеріне арналған шығармашыл зертхананың тақырыбы: «Развитие образовательных компетенции в рамках подхода на уроках английского языка».

 

2017ж. – облыстық семинар «Совершенствование профессионально-педагогического мастерства учителей начальных классов в рамках обновления содержания среднего образования Республики Казахстан».

 

2018ж. – облыстық эксперимент «Разработка и внедрение в обучении технологии «Читательский портфель»»

 

2018ж. - облыстық шығармашыл зертхана Давлетбаева Г.О. «Интеграция школы и Вуза по развитию научной деятельности учащихся».

 

2019-2022жж. – қалалық шебер класс Тагибергенова А.К. «Жас психологтар мектебі»

 

2020ж. – қалалық шебер класс «Формирование практических навыков и умений в работе с чертежными инструментами» бастауыш класс мұғалімі Еденова А.А.

 

2020ж. – облыстық эксперимент «Развитие исследовательских навыков у младших школьников через внедрение проектов в учебный процесс» бастауыш класс мұғалімі Байбусинова А.Х.

 

2020ж. – қалалық шебер-класс «Сабақтарда табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сеитова А.Ж.

 

2020ж. – қалалық шебер класс «Биология пәнінен жаңартылған білім мазмұның белсенді әдіс-тәсілдер арқылы, танымдық біліктіліктерін арттыру» биология және химия пәні мұғалімі Алиева Р. Е.

 

2019-2020 оқу жылы Республикалық пәндер олимпиадасының облыстық деңгейінде қатысканы үшін мектеп 3 дәрижелі Дипломымен  марапатталды.