Ақтөбе қаласы ММ «Орта мектебi №28»
0
Балалар кітабы апталығы.

2018 жылдың 16-21 сәуір аралығында мектеп кітапханасында «Балалар кітап  апталығы» өткізілді.

Балалар кітабы апталығын өткізу
жоспары


№.

Тақырып тауы

Класс  

Мерзімі  

1

Кітап апталығының ашылу рәсімі. Балалар кітабы апталығының шығу тарихы. «Бақытты балалық шақ»театрланған көрініс

1а,4а кл

16.04.18

2

«Умные книги ответят всегда» театрализованное представление

подг. гр,4б кл

17.04.18

3

«В мире сказок» Конкурс рисунков. Литературные-познавательные вопросы

2б,6б кл

18.04.13

4

«Загадай,мы отгадаем» Мини,викторины,ребусы.

1б,7в кл

19.04.13

5

«Балалар кітаптың ең жақсы достары» Балалар кітап апталығының тарихымен таныстыру.Дауыстап оқу.

2ә,6ә кл

20.04.13

6

Балалар кітап апталығының жабылуы. Ассорти вопросов и ответов

барлығы

21.04.13

       


1-ші күн.
 Балалар кітабы апталығы   тарихымен таныстырылды. 4 класс оқушылары «Бай мен жарлы» ертегі кейіпкерлерінен көрініс көрсетті.  Кітап ханшайымы ертегілерден әр түрлі сауалдар және жұмбақтар  қойылып, жауаптар алынды. Мерекеде балалар кітап оқуды жақсы көрмейтін,  Алиса түлкімен, Базилио мысықпен кездесті. Балалар мен кітапханашы оларға кітап оқудың пайдасын дәлелдеп берді.  

 

2-ші күн. 4б класс оқушылары дайындық тобының оқушыларына театралдық қойылым көрсетті. Ертегілерден үзінділер оқылып,кітап  туралы мақал-мәтелдер айтылды.Кітап ханшайымы дайындық тобы оқушыларына кітапхананаға шақыру мақсатында, кітпхананың «Алтын кілтін» сыйға тартты.

 

 

3-ші күн.

«Менің сүйікті кейіпкерім» суреттер байқауы өткізілді.Байқауда 2б,3б класс оқушылары өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салды. Балалар суреттерімен таныстырып,өз ойларын жеткізді.

 

 

4-ші күн.  

7 в класс оқушылары  1б класс оқушыларына кітап апталығының тарихымен таныстырылып, кітап, білім туралы сөзжұмбақтар шешілді.Балалар
Өлеңдер оқып,кітап пен білім туралы мақал-мәтелдерді атады.

 

 

5-ші күн. 6ә класс оқушылары «кітаптың шығу тарихы» туралы түсінік беріп,презентациялар көрсетілді.2ә класс оқушылары қиылған қағаздардан ертегі кейіпкерлерін құрастырып,сол ертегілерден үзінділер айтты. Әр оқушы мәнерлеп, дауыстап кітап оқыды.

 

 

6-шы күн. Апталықтың жабылуында барлық оқушылар қатыстырылып, көрме ұйымдастырылды.Мақал –мәтелдердің соңын жалғастырып,жұмбақтар шешіліп,жаңылтпаштар айтылды. Логикалық сұрақтар шешу арқылы балалардың шапшаңдығы  мен ойлау қабілеттері тексерілді.