Ақтөбе қаласы ММ «Орта мектебi №28»
0
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың  мәңгі  жасампаздығын, Отанын қорғаған  жауынгергерлермен   тылдағы  Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі.

Бүгінде біздің  азаматтық  міндетіміз – болашақ ұрпақты  Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ардагерлердің еңбегін  жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында  №28 ОМ  мөлтек ауданы бойынша 109 тыл ардагері бекітілді. Ардагерлерді мерекелерімен құттықтап ,мерекелік іс-шараға шақырып, ашық хат  таратылды. Олардың қажырлы еңбектерін өнеге етіп, ерліктеріне бас иіп, мақтан тұту, рух беру мақсатында мектепте мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Мерекелік шараға 18 тыл ардагерлері  қатысты. Ардагерлер оқушылардың өнерлерін тамашалап, ыстық ілтипатқа  ие болды. Мектеп ұжымы ардагерлердің  мақтан тұтар еңбектерін паш етіп,ерліктеріне бас иіп, әр ардагерге азық-түлік пакетін ұсынды. Ардагерлер ұйымдастырған іс-шараға рахметін айтып, оқушылардың өнеріне риза болды. Зор ризашылықпен тарасты. Мектепке келе алмаған ардагерлердің үйлеріне  азық-түлік пакеті  таратылды.