Ақтөбе қаласы ММ «Орта мектебi №28»
0
Облыстық жастар ресурстық орталығы мен №28 ОМ оқушыларымен кездесу

2017 жылдың 23 жұлдызында №28 орта мектебінің 9-11 класс оқушыларымен жоспарға сәйкес Елбасы жолдауының үшінші бағыты «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында мектепішілік іс-шара өтті. Мақсаты оқушылар бойындағы ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына – туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Мектепішілік іс-шараға Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының маманы - Дүсікиев Мирхан Дарханұлы қатысты.


Оқушылар Рухани жаңғыру тек бүгін басталған жұмыс емес, осы уақытқа дейін 2004 жылы мемлекеттік бағдарлама «Мәдени мұра», 2013 жылы «Халық – тарих толқыныңда» бағдарламаларынан басталғандығын атап өтті. Еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа апаратын қадам екенін айтты. Бағдарламада атап көрсетілген бағыттар бойынша оқушылар сұхбат алаңын жүргізді. Атап айтсақ:


XXI
ғасырдағы ұлттық сана туралы:

  1. Бәсекеге қабілеттілік;

  2. Прагматизм;

  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

  4. Білімнің салтанат құруы;

  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

  6. Сананың ашықтығы;

Көрсетілген бағыттар бойынша оқушылар арасында өзара сұхбат орнап, оның қазіргі таңда қалай жүзеге асыруға болатыны туралы ойларын талқыланды. Сонымен қатар ресурстық орталықтың маманына сұрақтар қойылып, оқушылар қызығушылық танытты. М.Д. Дүсікиев орталықтың жоспарымен таныстырып, жастарды қаламызда ұйымдастырылып жатқан қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды. Ұйымдастырылған іс-шараның өте жоғары деңгейде өткендігі туралы айтып, оқушыларға ізгі лебізін білдірді.